27
август
2022
Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық акциясы
2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Республикалық "Мектепке жол"-Шекарасыз жақсылық" акциясы аясында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Керей хан ауылының (Мирный ) әкімі С. Аманов, ауылдық клуб меңгерушісі Салибеков М, әйелдер кеңесінің төрайымы Исаева С. әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасының балаларына көмек көрсетіп өз үлестерін қосуда.
Жақсылық жасап жарысайық!