Ыстық тамақ » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "В.Терешкова атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"В.Терешкова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2018

Ыстық тамақ

Оқушылардың тиімді тамақтануы

Мектептегі оқу кезеңі балалар үшін, өсу процесінің қарқындылығымен, бұлшық етінің және сүйек қаңқасының ұлғаюымен, зат алмасуының күрделі құрылымымен, эндокринді, жүрек-қантамыр, бас миы қызметінің ерекшеліктерімен сипатталады.

Осы жастың тағы бір ерекшелігі, ақпараттың кең көлемділігі және мектеп бағдарламасының қиындай түсуіне байланысты оқушылардың ақыл ойына анағұрлым күш түсіреді.

Оқушылардың тиімді (салауатты) тамақтануы инфекцияларға қарсы тұру және басқа да қолайсыз факторларға тұрақтылығын арттырады.

Тиімді, салауатты тамақтану – бұл баланың ең басты көңіл күйінің көтеріңкі және мектепте табысты болуына тікелей әсер етеді.

Кез келген тиімді тамақтану теңгерімін сақтамау функциональдық ауытқуға ғана емес және асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларына сонымен қоса организмнің барлық жүйелерінің, иммунитеттің төмендеуіне, организмнің әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Қазіргі кезде оқушылардың қуатты жұмсауы өте маңызды.Қуатты жұмсау балалардың жасына және белсенділігіне, сонымен қоса организмдерінің өсуіне қарай өзгеріп тұрады.

Үлкен адамдардың күнделікті қуат қажеттілігі 2-2,5-3 мың килокалорияны қажет етсе, осы кезде жасөспірімдердің организміде жоғары құат қажеттілігін талап етеді. Рационалды дұрыс бөлу үшін,

құаттылық құнарлығының күнделікті рацион каллориясы таңғы асқа 25%, түскі асқа - 35%, бесіндік асқа - 15% және кешкі асқа - 25% құрауы керек. Бұл құаттылықты тек ғана тамақтану арқылы толтыруға болады.

Тағам жоғары деңгейде пайдалы болуы үшін міндетті түрде рационында кең көлемде өмір сүруге қажетті заттары бар тағам өнімдерін пайдалану қажет (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және су).

Ақуыздар – адамның мүшелерінің және тінінің құрылуында пайдаланылатын негізгі материал болып табылады.

Үздіксіз өсіп жатқан оқушылар организмі ерекше ақуыздарды қажет етеді.

Ақуыз жеткіліксіз болған жағдайда баланың өсуі және дамуы баяулап, организмнің ауруларға қарсылығы төмендеп, ақыл-ой қабілеті нашарлайды.

Жануар ақуызының негізгі көздері: сүт және сүт өнімдері, ет және балық, жұмыртқа; өсімдік ақуыздары: бұршақ, асбұршақ, соя және т.б.

Майлар бірінші кезекте жүйке дәнекерін оның ішінде бас миының құатты материалы ретінде және А және Д дәрумендері үшін еріткіш көздері болып табылады.

Тағамда майдың жетіспеуі оқушылардың иммунитетінің төмендеуіне, түрлі ауруларды (ЖРВИ, тұмау) жұқтыруына себепкер болады.

Көмірсулар бұлшық ет тіршілігі құатының негізгі көзі болып табылады. Сонымен қоса көмірсулар жүрек жұмысына қажет және бас миы жұмысына бірден бір құат көзі болып саналады. Оқушылардың тамағында көмірсудың мөлшері май және ақуызға қарағанда 4 есе жоғары болуы керек. Дегенмен ескеру керек, қарапайым көмірсулардың артық болуы (тәттілер, шоколад т.б.) денсаулыққа кері әсерін тигізеді: зат алмасудың бұзылуы (семіздікті, қант диабетін),өсуде және жалпы дамудан қалуы, жиі аурушаңдыққа бейім болуына септігін тигізеді.

Сондықтан барлық көмірсулардың 80%-і күрделі көмірсуларды құрауы қажет: көкөніс, жемістер,жармалар және нан.

Сонымен қоса организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін оқушалар күнделікті қажетті көлемде дәрумендер және минералды тұздарды қабылдауы қажет. Дұрыс тамақтанудың да үлкен маңызы зор.

Қазіргі күнгі ғылыми дерекке сүйенетін болсақ мектеп жасындағы балаларға 4 және 5 реттік тамақтану неғұрлым пайдалы болып саналады.

Осы режимде тамақтану тәртібі кезінде балалардың физикалық даму жағдайы және жұмыс қабілеті жоғары деңгейде болатындығын атап өтеді.

Мектеп оқушыларының негізгі тамақтануының бұзылуы – емдәм ұстау, тамақтану тәртібін бұзу, фаст-фуд, чипс, сухариктер, шоколадталған батондар, газдалған сусындарды ішу және сағыз шайнау т.б сияқты мәселелермен байланысты.

Балаларға, дұрыс рационалды тамақтанудың маңызын өз мысалында көрсете келе, болашақта табысты өмір сүру үшін, мықты денсаулықтың қаншалықты пайдасы бар екендігін түсіндіріп көрсету керек.

Тек денсаулықты ғана, ешқандай ақшаға сатып алу мүмкін емес!

Сондықтан балаларды өзінің денсаулығын бағалауын және сақтау керектігін үйрету керек!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив