Ашық сабақтар » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "В.Терешкова атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"В.Терешкова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2019

Ашық сабақтар

Сыныбы: 7

Күні 15.02.19ж

Сабақтың тақырыбы

Манометрлер. Сорғылар.

Мақсаты

7.3.1.10- манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау.

Күтілетін нәтижелер

Манометрдің құрылысын, қандай мақсатта қолданылатынын біледі, сорғы қондырғысының құрылысын, неге пайдаланатынын, жұмыс істеу принципін айтып бере алады

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Керекті жабдықтар

Манометрлер, сурет слайдтар

Әдіс – тәсілдер

«Кір жайғыш», суретпен жұмыс, сәйкестікті тап тесті «Балықшы» әдісі, жарнамалау, постер қорғау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу.

«Жүректен жүрекке»

Бастапқы білімді назарға алу.

«Кір жайғыш» әдісі. Оқушылар кір жайғыштағы үй тапсырмасына жауап береді.

1. Сынап бағанасын 760мм биіктігіне тең осы қысымды не деп атайды? (қалыпты атмосфералық қысым)

2. Жұп серуенге, туристік жорықтарға шыққанда қандай ауа қысымы қолайлы? ( анероид барометр)

3. Бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде перпендикуляр бағыттағы қалыпты күшті не деп атайды? ( қысым)

4. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (барометр)

5. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалым? ( Э. Торричелли)

Жұмбақтың жауаптарын табу арқылы жұпқа бөлу.

1) Күш көбейсе артады,

ауадан артқа тартады.

жүзі жұқа үшкір зат,

одан бірақ қорқады: (қысым)

2)Онынан оқы тіршілік нәрі,

Солынан оқы онсыз адам,

Өсімдік, аң, құс,

Әп-сәтте сөнер

Тұңшығып бәрі. (ауа)

Оқушылар қойылған сұрақтарға нақты және шапшаң жауап беруі тиіс.

Тұсау

кесер

Суретпен жұмыс.

Сұрақ: Мына құралдар сізге таныс па? Қайдан кездестіреміз? Жаңа тақырып түсіндіремін.

Көрсетілген құрал суреттеріне қарап жауап береді, танометр деп аталатын адамның қан қысымын өлшейтін құралды, су сорғыш насаостарды табу керек.

Негізгі бөлім

 

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы мәтіннің көмегімен оқушыларға құралдардың жұмыс істеуін көрсету. Оқушылар оқулықпен жұмыстана отырып жауап беруі тиіс.

«Сәйкестікті тап» тестік жұмыс.

1.Манометрлер А.Ñ‚ÐµÑ Ð½Ð¸ÐºÐ°Ð´Ð°ÐºÓ©Ð±Ñ–Ð½ÐµÑÐµ сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлше...

 

 

 

 

 

 

Жауабы

1.Д

2.А

3.Е

4.С

5.В

 

 

 

Оқулықпен жұмыстану арқылы тапсырмаларды орындайды. жұптар бірін-бірі тексеріп формативті түрде бағалайды. (қол белгілері,)

1 жұп: Манометрлердің құрылысымен, қызметімен, жұмыс істеу принцпімен, түрлерімен таныстыру. (жарнамалау)

2 жұп: Сорғының құрылысымен, қызметімен, жұмыс істеу принцпімен, түрлерімен таныстыру (постер қорғау)

Қорытынды

бөлім

Жеке жұмыс. 4.5 жаттығу

1. Ашық сұйықтық манометрлер ыдыстармен жалғастырылған. (4.41-сурет) Осы ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы: а) атмосфералық қысымға тең; ә) атмосфералық қысымнан жоғары; б) атмосфералық қысымнан төмен?

2. (4.42-сурет) а) кескінделген сұбланы дәптерлеріңе салып толтырыңдар. Егер манометрді атмосфералық қысымнан төменірек ауасы бар ыдыспен жалғастыратын болсақ, ондағы сұйықтың деңгейі қалай өзгереді?

3. (4.42-сурет) ә) көрсетілген манометр қандай қысымды көрсетіп тұр? Манометр шкаласының бір бөлігінің құны неге тең?

 

«Балықшы» әдісі

  • Сұйықтардың қысым айырымын өлшейтін құрал. (Манометр )
  • Бурдон манометрі не үшін қолданылады? (Газдың,будың,сұйықтықтың қысымын өлшеу үшін қолдананды)
  • манометрдің жұмыс істеу принцпі қандай заңға негізделген? (Паскаль заңына негізделген)
  • Медициналық танометрдің құрылғыларын айт? (метал манометр, манжет, үрлеуіш)
  • су сорғыларының құрылысы қандай? (Цилиндр, қозғалмалы поршень, құдықтағы құбыр, су ағатын шүмек)

Рефлексия: Бүгінгі сабақ бойынша негізгі 3 нәрсені (тұжырымды) айт.

1. Бүгінгі сабақта маған бәрінен де ұнағаны...

2. Бүгінгі сабақта мен үшін не қиын болды...

3. Болашақта менің жасағым келетіні...

Үй тапсырмасы: ПР.28 бет: 118-121

Оқушылар алдарына берілген есептерді шығарып, талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтерге жазады

 

Ашық сабақтар

 

Ашық сабақтар

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив